«Рухани жаңғыру» «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында театрландырылған ұжымдар арасында «Мельпомена -2017», «Театрдың ғажайып әлемі» атты қалалық балалар байқауы өтті. Байқауға Көкшетау қаласының жалпы білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары қатысты. Аталған байқау «Туған жердей жер болмас» тақырыбы бойынша «Әулет» Мектептен тыс жұмыс орталығында қазан айының 16-17 жұлдызы күні өтті. Әділ-қазылар алқасының төрайымы: Джунусова Нургуль Рыспаевна - Ақмола облысының орыс драма театрының актриса - режиссеры. Жунусова Айна Хайруловна – Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық – драма театрының актриса - режиссеры. Эгамов Руслан Юрьевич – балалар көркем сурет мектебінің мұғалімі. Байқау қорытындысы бойынша: №2 орта мектебінің «Жастар» театралдық ұжымы, №3 орта мектебінің «Нұршуақ» театралдық ұжымы, №3 орта мектебінің «Балауса» театралдық ұжымы, №5 гимназия мектебінің «Жас сахнагер» театралдық ұжымы, №8 орта мектебінің «Ботақан» театралдық ұжымы, №12 орта мектебінің «Сказочный мир» театралдық ұжымы, №16 орта мектебінің «Вдохновение» театралдық ұжымы, №22 орта мектебінің «Балдаурен» театралдық ұжымы, №14 орта мектебінің «Юные таланты» театралдық ұжымы белсене қатысқаны үшін марапатталды. Номинациялармен марапаттау: «Басты рөлді ең жақсы орындау» номинациясымен №17 ОМ оқушысы Нұрланұлы Дінмұхаммед марапатталды. «Ұжымның ең жақсы шығармашыл мүмкіндігі» номинациясымен №18 ОМ «Жас өрен» театралдық ұжымы марапатталды. «Қазақ аңызын әсерлі орындағандары үшін» номинациясымен №21 ОМ «Дидар» театралдық ұжымы марапатталды. «Қойылым тақырыбын жақсы көрсеткендері үшін» номинациясымен №11ОМ «Театр в котором играют дети» театралдық ұжымы марапатталды. «Ер азамат рөлін ең жақсы орындағаны үшін» номинациясымен №1 Красный Яр орта мектебінің оқушысы Ғазиз Алихан марапатталды. «Әйел азаматының әртістік ансамблі үшін» номинациясымен №7 ОМ «Ақниет» театралдық ұжымы марапатталды. Жүлделі орындар: 1-орын иегері №17 орта мектебінің «Жас қанат» театралдық ұжымы. 2-орын иегері №6 орта мектебінің «Наследие» театралдық ұжымы. 3-орын иегері №4 орта мектебінің «Рампа» театралдық ұжымы. Гран-при егері №1 орта мектебінің «Ренессанс» театралдық ұжымы. Байқауға барлығы 17 мектеп қатысты.