28 қыркүйек сағат 15.00-де «Мирас» балалар аулалық клубында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаттың мақсаты: ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, слайд. Кіріспе сөзбен оқушылар қарсалынып тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырылды. Алдынала оқушылармен дайындаған ұстаздар туралы тақпақтар айтылып, «Білімнің бұлағы» атты ән орындалды. Содан кейін үйірмешілердің өз қолдарымен жасаған ашық хаттарды мұғалімдерге сыйлады. Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген сөздермен тәрбие сағатына қорытынды жасап аяқтадық.