Тіл - қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Тілді ұлт болып жасаған. Тілі жоқтың ұлты жоқ. Ұлты жоқтың бойында ұлттық қасиет жоқ. Дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қастерлеу – тілмен келетін, тілмен сіңетін, қалыптасатын құбылыс. Тіл – адамдар арасында аса маңызды қарым-қатына сқұралы, аумағында жүзден аса ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін шын мерекенің қаншалықты маңызды екенін айтпасақ та болады. 2017 жылы 23 қыркүйек күні «Мұрагер» БАК «Connoisseurs of three languages» «Үш тіл білгіштері» атты тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар викториналық сұрақтарға үш тілде жауап беруге тырысты. Іс-шара кезінде келесі ойын түрлері ойналды: «Hungman», «Broken phone», «Crocodile», «Шаңырақ». Осы ойындар арқылы оқушылар өздерінің ана-тілдерін және шетел тілдерін жақсы меңгергендерін көрсете алды. Әр бір оқушы өздернің үш тілде дайындаған өлең шумақтарын оқыды.