Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.09.2017

06.09.2017 жылы «Қайнар» аулалық клубында «Welcome to “Kainar» ұранымен ашық есіктер күні  ұйымдастырылып, өткізілді. Клуб іші тақырыпқа сай безендірілді. Сәндік қолданбалы өнер  бойынша көрме, үйірме жұмыстары бойынша бүктемелер дайындалды. Клуб педагогтары  4-5 қыркүйек күндері  №13,18 орта мектептеріне барып  ақпараттық үгіттеу жұмыстарын өткізді. Педагогтар мастер-кластар мен ашық сабақтар өткізді: сағат 10.00-де  ағылшын тілі мұғалімі- Мамеева Аида Сайдалыевна «Ағылшын тілінде сөйлесеміз» мастер-класын өткізсе; сағат 12.00-де Мажкенова Людмила Анатольевна ата-аналар мен балаларға көрмені  көрсетіп, өзінің жұмыс жүйесімен таныстырды. Сағат 14.00-де «В мире чисел»  үйірмесінің жетекшісі- Уалиева Сакеш Чарлизовна  ата-аналар мен оқушыларды қатыстыра отыра  «Математика-ғылымның патшасы» атты КВН ұйымдастырды.Балалар ата-аналарымен бірге  түрлі тапсырмалар орындап, сөзжұмбақтар шешті. Сағат 15.00-де  «Жастар» театр студиясы  үйірмесі  таныстырылды. Үйірме жетекшісі Халелова Гулнар  Хафизовна балалар мен ата-аналарға сауалнама дайындап, әңгіме жүргізді.  «Стиль» сәндік-қолданбалы өнер үйірмесінің жетекшісі - Садретдинова Наталья Васильевна «Қызықты  да ғажайып ермексаз» көрмесін дайындады. Ата-аналарға  баланы тәрбиелеу туралы жаднамалар таратылды.

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст