Текст
3-10 қыркүйек аралығында Достық үйінде «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты ашық есіктер күні өткізілді. Балалар мен ата-аналарды «Шаңырақ» клубының жетекшісі К.Ж.Кәрімжанова өз педагогтарымен бірге қарсы алып, клуб туралы мәліметтер айтты. Мәселен, клубта қазақ, орыс, поляк, татар, неміс, кәріс, армян, чуваш тілдері үйретілетінін, әр елдің мәдениеті мен дәстүрімен таныс болатынын айтып өтті.Клубқа келген оқушылар өздеріне керекті үйірмелеріне жазылып, өтініш толтырды. Барлығы 120 бала үйірмелерге жазылды.Содан кейін педагогтар жаңа оқу жылының жұмыс жоспарын талқылады. «Татар мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитович барлық педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады.