Текст
Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу аясында «Мұрагер» балалар аулалық клубы Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімімен бірге «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушыларға өз құқықтары туралы түсініктерін дамыту, өз істеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Балаларға ҚР негізгі Заңы туралы ақпарат қызықты формада айтылды. «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституция» сөздері туралы толық мағлұмат берілді. Конституцияның құрылу тарихы туралы айтылды. «Құқықтық калейдоскоп» ойыны өткізілді.