Болашақтың иесі - жастар, жас ұрпақ. Сол ұрпақ тәрбиесі, білімі, біліктілігі, сан қырлы азамат болып өсуі - мына біздерге, ұстаздарға байланысты. «Мұрагер» балалар аулалық клубы 2002 жылдан өз жұмысын атқарып, жұмыс істеп келеді. Клубымыздың жұмыс істеуі бала үшiн емес, алдымен қоғам үшiн де маңызды. «Мұрагер» балалар аулалық клубының басты мақсаты: балалардың бейiмдiлiктерiн аша түсiп, жан-жақты дамуға, ой-пiкiрiн қалыптастыруға, ұштауға мүмкiндiк бередi, қазiргi уақытта да балалардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастыруда бiрден-бiр тәрбие көзi. Клубымыз мына бағыта жұмыс істейді: дамыту бағыты: «Шебер қолдар», сурет, ағылшын тілі, көркем- эстетикалық бағыт: домбыра және гитара. Оқушылар мұғалімдердің көмегiмен өз бетінше өз ойын еркiн жеткiзуге, ұжымшылдыққа, iзденiмпаздыққа үйренедi. 2017ж 14 қыркүйек күні «Мұрагер» БАК –да «Есік ашық күн» өткізілді. Ата –аналар мен балалар, № 18 мектеп лицейінің мұғалімдері мен оқушылары, № 13, 11 мектеп оқушылары біздің іс –шарамызға қатысты. Татьяна Ивановна Найкина мен Алия Асылхановна Алгазимова шебер – сынып өткізді. Оқушылар Алия асылхановнаның көмегімен «Күз» мезгіліне байланысты сурет салып үйренсе, Татьяна Ивановнамен кітап бетіне «бет белгілер» жасауын үйренді. Ата –аналар мен балаларға өте қызықты, танымды, көңілді өтті. Нәтижесіне тоқталсақ, қатысқан ата –ана - 130, балалар – 150, көп балары бар отбасы – 20, жағдайы төмен отбасынан -15, мектеп ішінде бақылауға тұрған оқушы -10.