Текст
2017 жылдың 16-тамыз күні қосымша білім беру педагогы Т.Егорованың жетекшілігімен «Фольгадан гүл дайындау» мастер-класы өткізілді. Сабақ тартымды да қызықты өту үшін, балалармен алдын-ала жұмыстар жүргізілді. Яғни, педагог сабақтың мақсатымен, тақырыбымен, жоспарымен таныстырып, гүлді дайындап, орындау жолдарымен таныстырып өтті. Гүлді дайындауға арналған құралдарды таныстырып, қауіпсіздік техникасын ескертіп өтті. Сабақтың теориялық бөлімінде жұмыстың басталуы, жалғастыру, аяқтау жолдарымен таныс болса, практикалық бөлімінде алған білімдерін қолданып, бекіту. Мастер-класс барысында сергіту сәттері де орынды қолданылды. Жалпы балалар берілген тапсырманы тиянақты орындап, фольгадан әдемі гүл шоғын жасап шығарды.