Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өнерлі өрге жүзер

10.08.2017

Білім және ғылым саласындағы күрделі жаңғыртулар қосымша білім беру саласын да айналып өткен жоқ, балаларға арналған қосымша білім берудің маңызы да арта түскендей. Мектептегі негізгі білім берудің сыртында қосымша білімнің көз тасасында қалып қоя беретіні заңдылық. Дегенмен қосымша білім беру жүйесі әлеуметтік тұрғыдан алғанда қажет-ақ және ол жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту тұтастығын қамтамасыз ететін білім ретінде қоғам мен  мемлекет тарапынан тұрақты назар аударуды, қолдау көрсетуді талап етеді. Қосымша білім берудің оқушылардың болашақ мамандығын таңдауда өте жоғары маңызы зор.

Көкшетау қаласы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының бөлімшесі «Мирас» балалар аулалық клубы Станциондық кенті № 7 орта мектебінің іргесінде орналасқан. Біздің клубқа  жас ерекшеліктері әртүрлі балалар қатысады. 5 жастан бастап 18 жасқа дейін. Клуб мұғалімдері жас ерекшеліктеріне қарай балаларды топтарға бөліп өнерге үйретеді. Біздің негізгі мақсатымыз балалардың босуақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге меірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету. Патриоттық тәрбие беру. «Мирас» балалар аулалық клубында жазғы уақытта 3 үйірме жұмыс істеп жатыр: «Сәндік өнері», «Ою-өрнек» үйірмесі -жетекшісі Мусина Нұржамал Қабдрашидқызы. «Сиқырлы қолдар» үйірмесі - жетекшісі Мухарская Наталья Владимировна.

 Атап айтсақ қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата- анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген. Соны ескере отырып, клуб мұғалімдері өздерінің бойына дарыған бар өнер қасиеттерін балалардың бойына  сіңіруді  мақсат еткен. Осы   үйірмелерде біз балалармен әртүрлі материалдардан бұйымдар жасап үйренеміз. Сонымен қатар тек қана қолөнерге ғана баулып қоймай еліміздің сан алуан мерекелеріне байланысты тәрбиеленушілермен әртүрлі  тақырыптарда көңілді ойындар,спорттық іс-шаралар өткізуді мақсат қойып келеміз. Балалар бар өнерлерін салып жасаған бұйымдары және қатысқан іс -шаралары қалалық, облыстық, республикалық және  халық аралық деңгейде жүлделі орындарға ие болуына себептер әрқашанда жиі болып тұрады.  Келешекте балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылықтарының арта түсуіне ықпал жасап, оны ары қарай дамуына зор үлес қосуға әрқашан да дайын болуды көздейміз. 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст