Текст
Шілденің 26-ы күні сағат 18.00-20.00 да «Мирас» балалар аулалық клубында көңілді старт өткізілді. Мақсаты: балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Барысы:
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз.
Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру.
2. «Жалауды тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.