Шілденің 20-ы күні сағат 16.30 да «Мирас» балалар аулалық клубында қимыл-қозғалыс ойындары өткізілді.
Мақсаты:
1) балалардың қимыл – іс әрекеттері мен дағдыларын жетілдіру;
2) өз беттерімен спорттық жаттығуларды көбірек орындауға жетелеу;
3) жеке және коллектив болып жасалған жаттығулардың әсем орындалуына көңіл аударту, таза ауада жүргізілетін жаттығулар мен ойындар арқылы бала организмін щынықтыру. Балаларды 2 топқа бөліп, эстафеталық ойындар өткізілді (сурет салынған және топтың аты жазылған эмблемаларын таққызу).
1 – топ «Құлагер» тобы.
2 – топ «Тұлпар» тобы.
Шарты: Қапты аяққа киіп секіру жарысы. Топты 2 командаға бөлеміз. Ойыншылар бірінің артынан бірі тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен 3-5 қадамдай қашық болады. «Кім бірінші» (доппен). Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады. Обручтың арасынан өту. Екі оқушы әр топтан обручты ұстап тұрады. Тәрбиеленушілер ойынды қызыға ойнады.