Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. 2017 жылдың 12-шілде күні «Балдәурен» БАК-да «Халық ойындары әлемінде» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты іс-шара клуб ішінде өткізілді. Бағдарлама барысында балалар әр елге саяхат жасап, әр елдің ойындарымен таныс болды. Кей балалар өздері білетін ойындарын көрсетті.Ойындарға белсене қатысқан балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.