Текст
13.07.17 жылы №7 ОМ спорт алаңында футбол жарысы өткізілді. Ауладағы спорттық ойындар тұрғындар үшін ең сауықтыру жаттығуларының бірі. Әр түрлі жастағы балалар спортпен айналыса отыра, өздерінің денсаулықтарын нығайта отыра, басқа жағымсыз әдеттерден аулақ болады. «Спорт-денсаулық кепілі» демекші, спорттың әр түрімен айналысқан адамның тәні де жаны да таза, мықты болады. Футбол жарысы кезінде қатысушылар өздерінің шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтарын, ауызбіршіліктерін көрсете білді. Жеңген команда мадақтамалармен марапатталды.