12 –шілде «Әулет» МТЖО-да «Ағашты ойып дайындаудың түрлері» атты мастер-класс өткізілді. Ағашты өңдеумен адамдар ерте уақыттардан бастаған. Ертеде ағаштан жасалған өнімдер тұрмысқа қажетті заттардың бірі болған. Содан бастап адамдар ағашты ойып, түрлі пайдалы заттар жасай бастаған. Халық шеберлері материалдарды қолданудың түрлі тәсілдерін игере отыра, жасаған еңбектерін сүйіспеншілікпен көрсете білген. Ағашты ойып дайындаудың да түрлі тәсілдері, амалдары, бірнеше түрлері бар. Мастер-класс барысында педагог балаларға өзі дайындаған дайын өнімдерін көрсетіп, таныстырып шықты. Аталған мастер-класс барысында балалар ағашты ойып дайындаудың бірнеше түрімен таныс болды. Мастер-класс жұмыстары үш кезеңде өтті: дайындық, белгілеу және ағашты ою. Балалар өздері ағашты ойып көрді. Мастер-класс соңында балалар өз қолдарымен дайындаған дайын өнімдеріне риза болды. Барлық қатысушыларға сәндік-қолданбалы өнердің осы бір түрі қатты ұнады.