Жазғы демалыс – баланың тынығатын, сондай-ақ тәндік, рухани және ақыл-ойы жағынан дамитын уақыт. Ал, іс-қимыл бағдарламасын дұрыс әзірлей отырып, жақсы тәрбие мен сауықтыру тиімділігіне қол жеткізуге болады. 4 шілде күні "Мұрагер" балалар аулалық клубы "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығымен бірлесіп, "Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" алаңында "Көңілді жаз" атты спорт-ойын бағдарламасын өткізді. Ойынға барлық келген балалар қызыға, белсене қатысты. Ал, олардың көрермендері өз ата-аналары болды. Ойын барысында балалар доппен де, шеңбермен де, және басқа да ойын құралдарын қолдана алатындарын мақтана көрсете алуға мүмкіндіктері болды. Музыкалық үзілісте орындалған әндерге билеп жатты. Іс-шара балалардың есте қалатындарындай өте қызықты өтті.