5 шілде күні "Мұрагер" балалар аулалық клубы Астана күні қарсаңында Боровской 70 мөлтек ауданының аула алаңында "Жайнай берсін, Астана!" атты ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Келе жатқан мереке күнімен құттықтап, концерттік бағдарламадан басталған іс-шара ,викторинамен жалғасты. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер тәтті сыйлыққа ие болды. "Мұрагер" клубының мүшелері: Төкежан Мерей мен Нурланова Айслу дайындаған флешмоб өткізілді. Аула алаңына келген барлық бала қызыға қатысып, өздері білетін тақпақ айтып, ән шырқады. Жалғасында аула ойындары өткізілді. Балалар топ-топқа бөлініп, тапсырмаларды бір-бірімен жарыса орындап жатты. Ойыннан ойынға ауысып, барлық бала, соңғы кезеңдегі "Тас жолға сурет салу" байқауына қатысты. Байқаудың әрбір қатысушысына бор беріліп, барлығы бірден үлкен шабытпен сурет сала бастады. Әр сурет Астана-бас қалаға арналды. Сурет салынып болғасын әр бала өз суретін қорғады: әнмен, тақпақпен, Астана туралы қызықты әңгімемен. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін тәтті сыйлықтар берілді.