Текст
4 шілде күні "Мұрагер" балалар аулалық клубы Астана күні қарсаңында Боровской 70 мөлтек ауданының аула алаңында "Сәлем, Астана!" атты шығармашылық концерт өткізді. Елорда күнімен құттықтап, Алтын апа (Нұрланова Айслудың апасы) мерекелік лебізін білдірді. Домбыра үйірмесі мүшелерінің орындауында Құрманғазының "Адай" күйімен концерт басталып, Астана, туған ел туралы әндерге кезек берілді. Күй шалқып, жыр оқылып, би биленді. Ал, концерт арасында викторина өткізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер тәтті сыйлыққа ие болды. Уақыт өткен сайын арамызға балалардан басқа ата-аналар мен ата-әжелер де қызыға қосылып,немерелеріне дұрыс жауап беруге көмектесіп жатты. Іс-шара өте қызықты өтті.