Текст
01.06.2017жылы «Балдәурен» БАК педагогтары Кенжетаева Айгуль Килажевна мен Новгородцева Светлана Владимировна Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ әлеміне саяхат» ойын-сайыс бағдарламасын өткізді. Ол туралы шешім 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Халықаралық балалар күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі сəбилерге қуаныш сыйлайтын, сондай-ақ кішкентайлардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам, қоғамда кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Аталған бағдарлама барысында балалар өлеңдер оқып, әндер айтып, өз өнерлерін көрсетті.