2017 жылдың 29 маусым күні "Мұрагер" балалар аулалық клубы "Көңілді борлар" атты тақырыпқа балалардың тас жолға сурет салу байқауын №18 орта мектебіндегі "Балдырған" сауықтыру орталығымен бірлесе өткізілді. Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық ой-қиялының дамуына көмек көрсету, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа шығармашылық талғамды қалыптастыру және тәрбиелеу. Іс-шара мектеп алаңында өтті. Байқаудың әрбір қатысушысына бор және тас жолдан орын бөлінді. Балалар еркін тақырыпта өз ойларын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен суреттер салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, сүйікті отбасыларын, достарын бейнеледі.«Балдырған» жазғы сауықтыру орталығында демалып жатқан балалар бар ынталарымен белсенділік танытты. Әділқазылар үздіктерді анықтады, алайда барлығы достық жеңді деген ортақ ойға келді. Балалар грамоталар және шығармашылық көркемөнер үшін керек-жарақтармен марапатталды.