Ағымдағы жылдың 29-шы маусымында "Мұрагер" балалар аулалық клубының ұйымдастыруымен "Көңілді борлар" атты тақырыпқа балалардың тас жолға сурет салу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: балалардың өнерін анықтау, өзін-өзі танытуына көмектесу, өз уақытын қызықты, көңілді және ұйымшылдықпен өткізуге баулу. Байқау Боровской шағын ауданның 70-ші үйдің ауласында өткізілді. Байқаудың әрбір қатысушысына бор берілді және тас жолдан орын бөлінді. Бұдан соң балалар орындарын таңдап, белгі берілген кезде барлығы бірден үлкен шабытпен сурет сала бастады. Бірер минуттан соң асфальтта алғашқы сурет пайда болды. Сурет салынып болғасын әр бала өз суретін қорғады: біреулері өз сөзімен айтса,біреулері тақпақ, тіпті ертегі түрінде де түсіндіруге тырысты. Әр сурет жүлделі бірінші орын алды, барлық қатысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді.