Текст
Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам.
Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. Жұлдыз»БАК «Бақытты балалық шақ» танымдық-сауықтыру бағдарламасы ертегі кейіпкерлерінің көмегімін өткізілді. Балалар ертегі
кейіпкерлерімен бірге ойнап, билеп, жұмбақтар шешіп, түрлі сайыстарға қатысты. Іс-шара соіында барлық қатысушыларға алғыс айтылып, естелік сыйлықтар таратылды.