Текст
2017 жылдың 13-мамыр күні «Қайнар» БАК-да «Дәрумендер елінде» атты тәрбие сағаты өткізілді. Балалар жұмбақтарды шешіп, «Не пайдалы?» ойынына белсене қатысты. Балалар қандай тамақтардың пайдалы, қандай тамақтар денсаулыққа зиянды екенін айтып, қосымша ақпараттар білді. Балалар берілген викториналық сұрақтарға жауап беріп,денсаулыққа пайдалы тамақтардың суретін салып берді. Аталған іс-шара дәрумендердің адам ағзасына пайдасы зор екені туралы, оларды жиі қолдану керектігі туралы пікірмен аяқталды.