«Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізу» атты әлеуметтік жобасы аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен Бурабай ауданы «Discovery Borovoe» сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 10-12 мамыр аралығында «Ұланымыз Ұлы Елдің!» форумы өтті. Форумның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру. Іс-шараға облысымыздың барлық өңірлерінен жалпы саны 100-ге тарта жасұландықтар қатысты. Форум аясында: «Жас Ұлан» ұйымының жетістіктері мен алдағы таңдағы жоспары» атты тақырыпта дөңгелек үстел; аудандар мен қалалардағы «Жас Ұлан» хатшыларының есебі, «Көшбасшы қасиетін дамыту» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының көшбасшыларына және жасұландықтарға арналған тренинг, «Мен жеңімпаз!» атты көңілді спорттық жарыс, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті, «Достық алаңы», «Бастаңғы» және тағыда басқада қызықты шаралар өтті.
Форумның салтанатты марапаттау рәсімі 12 мамыр күні Бурабай ауданы, Щучинск қаласының мәдениет үйінде өтті. Шараға Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Мадиева Гүлмира Қайыржанқызы, Щучинск қаласы әкімінің орынбасары Ахметов Әділет Казбекұлы, Биржанов Азамат Дулатұлы қатысты. Марапаттау рәсімі барысында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ең үздік деген 10 оқушы салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Форум барысында сөз алған Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Мадиева Гүлмира Қайыржанқызы барлық қатысушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 6 жыл толуымен және форумның сапалы аяқталғанымен құттықтады. Күннен күнге жасұландықтар санынын өсіп келе жатқанына қуанышын жасырмай қабылданғаның атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, диплом, сертификат, алғыс хат және естелік силықтармен марапаттап өтті.
Соңымен қатар жылдағы дәстүр бойынша 2017 жылдың үздік өңірлік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы анықталды.
Бұл атаққа биылғы жылы Астрахан, Бурабай аудандары және Көкшетау қаласы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы таңылып оларға арнайы кубок пен диплом табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімінің соңы шағын концерттік номерлермен жалғасты. Салтанатты жабылу рәсімінде сөз алған қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, алдағы таңда мемлекеттің және ұйымның дамуына ат салысатына сөз берді. Балалар форум барысында бір-бірімен танысып, өздеріне көптеген достар тауып, форумның аяқталуында бір-бірін қимай,тарқасты.
Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының қатарында болу әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүйелі орындап, жандандыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген Ақмола облысының ұландары қашанда игі бастамаларды қолдап, ұйымдастыруға ат салысып жүреді. Болашақты бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымы көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі.
Облыста құрылған «Жас Ұлан» балалар ұйымы – балалар мен жасөспірімдердің пайдалы істерді жүргізетін нағыз шыңдалу мектебі болып табылады. Болашақта еліміздің көкбайрағын көкке көтеріп, абыройын асқақтату – жас ұландықтардың қолында.