2017-жылдың мамыр айының 11-ші жұлдызы күні Ақмола облыстық филармониясында мектеп оқушылары «Жайдарман-2017» финалдық ойында өздерінің әзіл-ысқақ өнерлерін ортаға салып, сайысқа түсті. Ойынға төрт команда қатысты: №14 орта мектебінің жайдарман тобы «Бір үйдің балалары», № 19 орта мектебінің жайдарман тобы «Жастар», №4 орта мектебінің жайдарман тобы «Түсінсем бұйырмасын», №3 М.Ғабдуллин атындағы гимназия мектебінің жайдарман тобы «Қазақстан».
Ойын бағдарламасына сәйкес үш тапсырма бойынша өнерлерін көрсетті:
1) сәлемдесу;
2) бір әуен аясында;
3) үй тапсырмасы.
Осы үш тапсырманы орындау негізінде, әділ-қазылар алқасы оқушылардың өнерін бағалап, келесі орындарды тағайындады:
№14 орта мектебінің командасы «Бір үйдің балалары», 1-ші орынға ие болғаны үшін кубок пен мақтау қағазы табыс етілді;
№19 орта мектебінің командасы «Жастар», 2-ші орынға ие болып, кубок пен мақтау қағазы табыс етілді;
№4 орта мектебінің командасы «Түсінсем бұйырмасын», 3-ші орынға ие болғаны үшін кубок пен мақтау қағазы табыс етілді;
№3 М.Ғабдуллин атындағы мектеп гимназия командасы «Қазақстан» белсене қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.