Егер де меннен мұражай дегеніміз не деп сұраса, мен өткен өмір тарихымен кездесу деп жауап берер едім. Мұражайда мәдени, тарихи құндылықтары жоғары, ата-бабамыздың қолданған заттары сақталған. 2017 жылдың 30-наурыз күні «Резьба по дереву» үйірмесінің тәрбиеленушілері Көкшетау қаласының тарихи мұражайына барды. Көкшетау қаласының тарих мұражайы 2000 жылы құрылған. Оның қызметі облыс орталығының тарихын сақтау және насихаттауға бағытталған. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бұл жерде Кеңес дәуірінің болашақ мемлекеттік қайраткері В.В. Куйбышевтың жанұясы тұрған. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес әскерінің жараланған жауынгерлеріне арналған госпиталь орналасты. Кейін бұл үйде В.В. Кубышевтің мұражайы ашылды. Ал 2000 жылы ол қаланың тарихи мұражайы болып қайта құрылды. Мұражай қорында 15 мың экспонат сақталуда. Олар 1824 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Көкшетаудың тарихын бейнелейді. Музейдің бірінші залы Абылай хан, Кенесары, Қанай би секілді тарихи тұлғалар туралы сыр шертеді. Олардың өмірі мен қызметі XVIII ғасырдағы Көкшетау қаласымен тығыз байланысты болған. Залдың шағын көлемді экспозициясы белгілі қазақ тарихшысы Шоқан Уәлиханов жайлы құнды мағлұматтар береді. Ал екінші залда В.В. Куйбышев атындағы мемориалды музей мұрағаттары қорының кейбір экспонаттары қойылды. Сонымен қоса, залда Кеңес өкіметінің қалыптасу жылдарын бейнелейтін құжаттар мен фотоматериалдардың үлгілері, ХХ ғасырдың басындағы Көкшетау көріністерін бейнелейтін фотосуреттердің жиынтығы да бар. Науан Хазірет атындағы мешіттің суреттері де экспозицияның қатарында тұр. Үшінші залдың экспозициясы Көкшетау қаласындағы темір жолдың пайда болуына арналады. 1922 жылдан бері алғашқы пойыздар қатынай бастады. Басқа жәдігерлер Ұлы Отан соғысы және тың иегеру жылдарындағы Көкшетауды бейнелейді. Төртінші залда келушілердің назарына өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі қаланың тарихы туралы мәліметтер ұсынылады. Бұл жерде қойылған стендттер денсаулық сақтау, білім беру салаларының тарихын сипаттайды. Тәуелсіз Қазақстанның жемісті кезеңдерін де сипаттайтын тарихи жәдігерлерді осы жерден көре аласыз. Ал бесінші залда қала мәдениетінің дамуы туралы мәліметтер жинақталған. Экспозиция музейдің ауласында экскурсия аяқталады. Ондағы жабық алаңда «Кадиллак» маркалы автокөлік, жүгенді көліктер — қысқы шана мен арбақойылған. Балалар көптеген мәліметтер алып, жақсы әсермен үйлеріне тарасты.