18.03.2017ж. «Балдәурен» БАК Кенжетаева Айгуль Килажевна, Новгородцева Светлана Владимировна, Демиденко Валентина Николаевна, Алгазимова Алия Асылхановна ҚБҰ қолдауымен «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Зал шарлар, плакаттар, тілектермен безендіріліп, әртүрлі техникада балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараны клуб жетекшісі Кенжетаева Айгүл Қилажқызы балалар мен қонақтарды мерекемен құттықтай отыра , зор денсаулық, ашық аспан, отбасылық бақыт және амандық тіледі. Одан кейін балалар Наурыз мерекесінің шығу тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық ойындары жайлы және басқа елдерде де тойланатын айтып берді. Қазақ мифологиясына сәйкес, - 21 наурызға қараған түні Жерді Қыдыр ата шарлайды (ақсақалды қарт ата). Бүкіл әлем гүлденіп, адамдарға ол бақыт пен береке әкелген. Әр отбасыда Қыдыр атаның келуіне орай дастарқан жайылған. Үйдегі бар ыдыс аққа толы болған. (сүт, айран және бұлақ суы). Бұл молшылықтың нышаны деп есептелініп жыл бойы осындай кең ,мол дастарқан болатынын білдірген. Міне біздің мерекеге де бақыт пен бірлігін әкеле отыра, көптен күткен құрметті Қыдыр ата келді. «Тұсау кесу» рәсімі көрсетілді. Дүниеге бала келіп, тәй-тәй басқан шағында, жолы ақ болсын деген ниетпен қазақ халқы баланың тұсауын кескен. Ұлттық ойындарсыз мереке өте ме? Балалар ұлттық киімде «Арқан тарты» және т.б ойындар ойнады.Ән айтылып, би билеп мерекенің соңы шашу дәстүрімен аяқталды.