Текст
2017 жылдың 1-наурыз күні Достық Үйінде Ассамблея күні және алғыс күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Қазақ еліне деген ризашылық күні көптеген ұлттардың қатысуымен Ақмола облысы Қазақстан халқы ассамблеясы "Менің отбасым – Отанымның бір бөлігі" альманахтар жинағының тұсаукесері өтті. Достар келісім үйінде Ақмола облысының 25 құрметті отбасы жиналып, Ақмола облысы Қазақстан халқы ассамблеясының журналистер клубының мүшелері осы жинақ жайлы әңгімелеп берді. Материалдардың арасында Ақмола облысы аналар қоғамының мүшесімен, мәдениет қайраткері Тарасов Валерий Васильевичпен, чуваш тілінің мұғалімі Тарасова Елена Михайловнамен диалог бар.