Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықтың мәңгілігі оның тілінде

22.02.2017

2017 жылдың 19-ақпан күні   Халықаралық ана тілі күніне арналған «Халықтың  мәңгілігі оның тілінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел, «Қоғамдық келісім» КММ конференц залында өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы – білім берудегі ана тілінің маңыздылығына, сонымен қатар білім берудегі көп тілділікке жағдай жасап, көмектесу. «Шаңырақ» тілдерді оқыту  клубының  оқытушыларымен   және тәрбиеленушілерімен  «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы  М.Киіков, Көкшетау қ. поляк білім беру  орталығының волонтер-оқытушы пани Рената Сценявска, «Ақмола облысы  татар және башқұр бірлестігі» ҚБ төрағасыР.ССулькарнаев,Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары  М.А.Исмагулов, «Әулет» МТЖО директоры М.Әлжапарова, «Мың бала» жобасының жеңімпазы Бибрих Елизавета өз ойларымен бөлісті.  Қазақ тілі үйірмесінің оқытушысы Хасенова  Раушан Серікқызы  Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамашылығымен, «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында  20 шақты басқа ұлт өкілдерінің балалары  мемлекеттік тіл-қазақ тілін  ойдағыдай  оқып жүргенін айтып өтті.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст