Ауғанстандағы соғыс аттай он жылға созылды. Ол соғыс жайында бірдей пікірге келе алмасақ та, өздерінің интернационалдық борышын абыроймен атқарған Кеңес жауынгерлерінің батырлығы күмән тудырмайды. Отанға адал қызмет етемін деп ант бергеннен кейін олар ержүректікпен соғысты.
Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шыққанына 28 жылдығын мерекелеу аясында «Әулет» МТЖО-да орталық тәрбиеленушілерімен жауынгер-интернациолистерді шақыртумен «Ауғанстан-біздің есімізде» атты пікірлесу алаңы ұйымдастырылды.Іс-шара басында келген қонақтар мұражайға барып, Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының тарихымен таныс болып,өздерінің тілектерін жазып кетті. Пікірлесу алаңына Ауған соғысына қатысқан Кеңес жауынгерлері Хайруллин Берік Бектемірұлы мен Сокол Борис Анатольевич шақырылды.
Берік Бектемірұлы Щучинск ауданы, Мәдениет ауылының тумасы, онжылдық мектепті аяқтаған және 18 жастағы жігітті әскерге шақыртты.1984-86 жылдары оқу бөлімін аяқтап, Ауғанстанға аттанды. «Біздің басты міндетіміз,
Отанды қорғау болды.Қиын болды. Бізге ойланатын уақыт та болған жоқ, дайындалуға 2 сағат уақыт берді , біз Ташкент қаласына, одан әрі Ауғанстанға аттандық»-деп еске алды Берік Бектемірұлы.
«Школа ведущих» үйірмесінің тәрбиеленушілері ән айтып,өлең оқып берді. Тәрбиеленушілер өз қолдарымен дайындаған бұйымдарын қонақтарға сыйға тартты. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.