Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап. Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Ал, қазіргі заманға сай электронды кітаптар да қолданылуда. Ағымдағы жылдың 9-ші ақпанында "Мұрагер" балалар аулалық клубының "Домбыра" үйірмесі мүшелерімен "Кітап-сенің көмекшің" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, күйлер мен әндерді домбырада үйренуде жаңа инновациялық технологияны қолдану. Іс-шара Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде өткізілді. Кітапхана қызметкері Дусатова Бахытжан Қалымқызы балаларға арналған кітаптар түрлерімен және "Біз - Қазақстанның болашағымыз", "Тіл - сарқылмас қазына", "Бізді қоршаған әлем", "Балалар әлемі әдебиетте" атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Нұралы Құдайбергенұлының жобасымен жасалған "Даналық әліппесі" атты инновациялық сөйлейтін қаламмен таныстырған кітапхана қызметкері Сызкен Айым Батырбекқызы. Ұсынылған халықтық туындылыр электрондық дыбыстау құралы - қалам арқылы тыңдалды. Кітаптың мазмұндық құрылымы 12 жазба нұсқа. Балалардың әрбіреуі қаламды қолданып осы нұсқаларды тыңдап көрді. Ең қызықтырғаны "Домбыра үні" және "Қобыз үні" атты нұсқалар, өйткені осы аспаптың орындауында күйлер тыңдалды. Соңында, балалар ұнаған кітаптарын алып бір-бірлерімен ақпарат бөлісті.