Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беру

05.01.2017

Құрметті ата-аналар!

Сіздердің балаларыңызды «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығына  шақырамыз. Сіздің балаңыз орталықта өзін жаңа қырынан көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге ие бола алады. Үйірмелер тегін және жыл бойы өткізіледі. Қосымша білім беру-өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі кезеңнің бірі. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Қосымша білім беру - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық.

1.Үйрмедегі сабақтар-бұл:

-түрлі жұмыстармен алмасу

-өз ойымен алмасу

-қарым-қатынаспен алмасу

-түрлі жағдайлармен алмасу.

2. Үйірмелердегі  сабақ - баланың бос уақытын ұйымдастыру тәсілі. Бұл тәсіл әсіресе ата-аналар үшін тиімді. Себебі, таңертеңнен кешке дейін бала тәрбиесімен айналысуға уақыттың тығыздығынан, жоқтығынан осындай мектептен тыс үйірмелерге  балаларының қатысуы алаңсыз  үлкен көмек. Мектептен тыс үйірмелерге баланың қатысуы көшедегі  зиянды әдеттерден аулақ болуға, басқа да бір  келеңсіз жағдайларға душар болмауына тигізер пайдасы зор.

3. Үйірмелердегі сабақтар, бұл- қарым-қатынас.

4.Үйірмелердегі сабақтар баланы жауапкершілікке,өз бетінше жұмыс жасауға қалыптастырады.

5.Үйірмедегі сабақтар баланың қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.

6. Үйірмедегі сабақтар баланы өзін-өзі бағалауға жағдай жасайды.

Үйірмелерге қатыса отыра бала міндетті түрде  көздеген мақсатына жетеді. Осындай кішкентай болса да  жеңістерге жетуі баланың талпынысын, қызығушылығын, өзіне деген сенімін арттыра түседі.

Үйірмелерге қатыспаудың «КЕРІ» әсері.

1. Үйірме сабақтарына қатысу қосымша уақытты талап етеді. Үйірмелер уақытты алады деген ата-аналармен келіспеу керек. Мектепте жарты күн болған бала, әрине демалу керек. Ал үйірмелерге қатысу демалудың тиімді түрі.

2. Үйірме сабақтары - бала үшін қосымша жұмыс.

Шынымен де,баланың күні бойы атқаратын жұмысы көп. Үй тапсырмасын орындау, қосымша ақпараттар дайындау, өлең жаттау т.б.

Балаға үйірмені таңдаған кезде,ұстамдылық пен сабырлықты  сақтау керек. Баланың бос уақытын ұйымдастыруда  аптасына  екі сабақ жеткілікті. Ұлыңызды немесе қызыңызды  бірнеше үйірмелерге қатарынан қатыстыру міндетті емес.Бір немесе екі үйірмеге қатысса жеткілікті.

3. Үйірме сабақтары –ата-аналар үшін қосымша жұмыс.

«Бала  үйірмеге қатысады , бірақ онымен  біз үй тапсырмасын орындап, киімі мен сабақ кестесін бақылаймыз»-дейді ата-аналар.Бұл жерде сіздің де  ұйымдастырушылық қабілетіңізге тікелей байланысты.Себебі бала  сізге сенім артып

алады да, сіздің орындауыңызды  талап етіп тұрады.

Келесі сұрақ

Балаңа  үйірмені таңдаған  кезде нені ескеру керек?

Ең бастысы ұлыңыз немесе қызыңыздың неге қабілеті бар екенін, не қызықтыратынын біліп, талдау керек.

Баланың бір нәрсеге дарынды болуы  міндетті емес.

Балаңызбен  келіспей,оны үйірмеге өз бетіңізше жазбаңыз, міндетті түрде келісіп алыңыздар, баланың ойымен бөлісіңіз.

Балаңыз үйірме сабақтары туралы мүлдем білмеген жағдайда мұқият түсіндіріңіз, үйірмелердің не үшін керек

екенін, пайдасын айтыңыз,бірлесе таңдау жасаңыздар.

Кей балалар дұрыс таңдау жасамай,уақытын босқа өткізеді, ол үшін ең бастысы сыныптасы сол үйірмеге қатысады.

Баланы  көңілі қаламаған  үйірмесіне апармаңыз.

Балаңызға үйірмені таңдаған кезде, баланың сол үйірмеге деген қызығушылығын анықтаңыз. Балаңыздың болашағына бірге үлес қосыңыз.

-Бала неше үйірмеге қатыса алады?

Сұрақтың жауабы: ең бастысы  баланың бірнеше үйірмелерге қатысуға  ықыласы мен күші, уақыты  жеткілікті болса.

Үйірме сабақтары мектептегі оқу сабақтарына кедергі болмауын да қарастыру керек. Ата-аналардың міндеті-баланың бәріне үлгеруін ұйымдастыра білуі. Ең бастысы  міндетті жұмыстарды атқару, содан кейін басқа шығармашылық жұмыстармен айналысу. Балаңыз екеуіңіздің араңызда келісім шарт болу керек.

Баланы тәрбиелеудегі, рухани-адамгершілік қалыптастырудағы айтарлықтай рөл қосымша білім беру ұйымдарына тиесілі. Өйткені, бала онда тек білім алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік жүріс- тұрыс дағдыларын игереді. Мектептен тыс ұйымдар тәртіпке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке және де қатыгездікке, бейжайлыққа, ожарлыққа және эгоизмге қарсы тұруға баулиды. Сонда да кәмелетке толмаған қылмыскерлердің басым көпшілігі – мектеп жасындағы жасөспірімдер. Қалайша осылай болуы мүмкін? Аталмыш ұйымдар жұмысындағы қандай жағдаяттар тұлғаның «бұрыс» дамуына негіз қалауы мүмкін?

Педагогикалық ұжым ата-аналар қауымдастығымен қарым- қатынастың негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, бұл мақсатта тәрбие беру-дамыту, ағарту, коммуникативтік және сауықтыру міндеттерін қолданады.

Қосымша білім беру жүйесінің педагогтары мен ата-аналарды баланың денсаулығы мен оның дамуы үшін қам жеу, ортақ істе жеке бас табысы мен сенімділік атмосферасын қалыптастыру сияқты міндеттер біріктіреді

Сонымен, балаңыздың  қосымша білім беру мекемесіндегі үйірмелерге  қатысуын немесе қатыспауын өзіңіз шешіңіз!

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст