Текст
2020 жыл қыркүйек айының 24-і күні «Күзгі отшашу» атты ермексаздан көкнәр гүлін жасау тақырыпта оқушылармен бірге шағын шығармашылық сағат ұйымдастырылды. Көкнәр гүлін жасар алдында оған дөңгелетіп картоннан негізін жасадық. Оны түрлі-түсті картонмен әшекейледік. Ермексазбен жұмыс істеу үшін төмендегідей құрал-жабдықтарды дайындадық: Тақтайша, кескіштер, сүрткіш пен ыдыс, бояулар мен қылқалам. Ермексазды бөлудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, көкнәр гүліне керекті түстерді дайындап, жұмсартып, керекті бөліктер дайындадық. Барлық бөліктерді біріктіріп көкнәр гүлін жасадық. Соңында балалар бір-бірінің жұмысын көріп, өз ойларымен бөлісті жәнеде кішігірім көрме ұйымдастырдық.
Шығармашылық сағат өте қызықты да пайдалы өтті.