Текст
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Шаңырақ"тілдерді оқыту клубында поляк тілінің ашық сабағы өтті.Сабақтың тақырыбы: "Шопеннің Мәңгілік музыкасы".Оқытушы Наталья Георгиевна Крупельницкая балаларды поляк композиторының және пианисттің музыкалық мұрасымен таныстырды, тәрбиеленушілер музыканттың белгілі шығармаларын естіді.