2019 жылдың 22-26 шілде күндері аралығында Бурабай ауданы,Қатаркөл а., «Звездный» БСО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Бір апта ауылда» әлеуметтік бастамасының сериялары Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының» ережесі негізінде өткізілді. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының «Скалолазание» үйірмесінен 18 тәрбиеленуші жетекшілері Ж.Н.Калашиновпен бірге қатысты. Жобаныңмақсаты: әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік, білімберу және демалыс қызметі жүйесінде Ақмола облысының ауылдық секторын дамыту туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Жоба барысында балалар Кадет корпусына, Табиғи мұражайға, Кенесары ауылындағы шаруа қожалығына, Бурабай Ботай ашық аспанындағы мұражайға, этноауылға экскурсия жасады. Балалар киіз үйде тұрды, оларға бауырсақ пісірі, бешбармақ қамырын дайындауға мүмкіндік берілді.