12.10.19 жылы «Қайнар» БАК-да «Қорғаңдар, ғажайыптарды!» аты эко сағат өтті. Мақсаты: табиғатты қорғап,сақтап қалу. Іс-шара барысында балалар ормандарды сақтаудың маңыздылығы және ғаламшардың ресурстарын дұрыс пайдаланудың қажеттілігі туралы білді. Өйткені ормандарды қорғау жер экологиясының негізгі ережелерінің бірі және планетада өмірді сақтаудың кепілі болып табылады. Балалар «Қызыл кітапқа саяхат» викторинасының сұрақтарына белсенді жауап берді, туған өлкесінің табиғатына қалай ұқыпты қарайтынын талқылады. Сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлеміне де шолу жасалды. Балалар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, өздеріне керекті мәліметтерді қабылдап алды. Табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған, көптеген адамдар жасаған шағын әрекеттер экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады.